Медеуге шыққан бойжеткеннің жағдайы күрт нашарлаған – оны құтқарушылар аман алып қалды

Автор: Бақыт Шынар

3000 метр биікке шыққан қыз көмек шақыруға мәжбүр болған

Фото: ТЖМ

Алматы қаласының құтқарушылары 3000 метр биікке шығып, жағдайы күрт нашарлаған бойжеткенге көмекке келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алматы қаласының Медеу ауданында, «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінің Комби-2 аумағында (3200 м биіктікте) 2001 жылы туған қыздың жағдайы нашарлағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Құтқару қызметінің кезекші тобы мен бригадасы келді. ТЖД Құтқару қызметінің мамандары бойжеткенді «Шымбұлақ» кешенінің автотұрағына дейін эвакуациялады», - деп хабарлайды ТЖД.

Төменге түскен соң оның жағдайы жақсарып, ауруханаға жатудан бас тартқан.

Тегтер: