АҚШ-та жоғалған 24 жастағы қазақстандық: СІМ мәлімдеме жасады

Автор: Алмас Ерсін

Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен байланысқа шығып, жоғалған Асет Құралбайдың тағдырын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр

Фото: ҚР СІМ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ аумағында Асет Құралбайдың жоғалып кеткені туралы ақпаратты ресми түрде растады. Қазір қазақстандық дипломаттар америкалық билік өкілдерімен байланысқа шыққан,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы 14 маусымда ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомство жағдайдың ерекше бақылауда екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен байланыста болып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Нью-Йорктегі Бас консулдығымыз да азаматтың туыстарымен тұрақты байланыс ұстап отыр», – деп мәлімдеді ҚР СІМ өкілдері.

13 маусымда АҚШ-тың Иллинойс штатында 24 жастағы Қазақстан азаматының жұмбақ жағдайда із-түзсіз жоғалып кеткені белгілі болды.

Жас жігіт үйінде барлық құжаттары мен әмиянын қалдырған. Ал бірнеше күннен кейін оның автокөлігін полиция тауып алған.