Абырой болғанда, ешкім жараланған жоқ
Астанадағы Сарайшық ауданына қарасты автобус аялдамаларының бірі өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, аялдаманың кондиционері жанып кеткен.
«Сарайшық ауданы Нәжімеденов көшесіндегі қоғамдық көлік аялдамасының ішінде өрт шықты. Кондиционер мен жылу оқшаулағыш материал жанған. Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері небәрі 4 минутта жетті. Жағдайды бағалаған құтқарушылар дереу іске кірісіп, өртті 6 шаршы метр аумақта сөндірді», - деп хабарлайды ТЖД.
Естеріңізге сала кетейік, кешеден бері Астанада бірнеше жер үй өртеніп кеткен.