14.06.2026, 13:39
Оқиғалар
Каспийде сапборд мінген екі жігіт ашық теңізге ағып кете жаздады (ВИДЕО)
Құтқарушылар екі адамды аман-есен жағаға шығарған
Фото: istockphoto.com
Ақтаудағы Каспий теңізінде сапборд мінген екі жігіт ашық теңізге ағып кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап, құтқару операциясының видеосын көрсеткен.
Дереккөзге сүйенсек, екі адамды қатты ағыс алып кеткен.
«Екі жігіт сапборд тақтасымен серуендеуге шыққан. Күшті ағыс оларды теңізге қарай алып кеткен. Судағы профилактикалық іс-шаралар барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Ақтау қаласының 4А шағын ауданы маңында жағадан шамамен 500 метр қашықтықта көмек сұраған адамдарды байқаған», - деп хабарлайды ТЖМ.
Құтқарушылардың мәліметіне сүйенсек, екі жігіт жағаға аман-есен жеткен соң дәрігерге жүгінуден бас тартқан.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды