Бұл көріністі алыстан көргендер бойжеткен өз-өзіне қол жұмсамақ болды деп ойлап қалған
Ақтау қаласындағы биік ғимараттың шатырына шығып алып, видео түсіріп жүрген 22 жастағы бойжеткен қала тұрғындарының зәресін алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz. басылымына сілтеме жасай отырып.
Бойжеткенді алыстан көрген тұрғындардың бірі оны суретке түсіріп алып, әкімдіктің Telegram-чатына жіберген. Оқиға орнына дереу жеткен полиция шатырдың үстіне шығып, мән-жайды анықтаған.
Белгілі болғандай, қыз биік ғимараттың шатырына шығып алып, видео түсірмек болған.
«Полиция онымен сөйлесіп, бұндай әрекеттің салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескертті», - деп хабарлайды дереккөз.