Анталия әуежайында Turkish Airlines ұшағы қонғаннан кейін радар мұнарасына соғылған

Автор: Бақыт Шынар

Қазір Түркия полициясы тергеу бастаған

Фото: x.com/Fahadnaimb

Түркияның ішкі рейсі, яғни, Ыстамбұл қаласынан ұшып шығып, Анталья қаласының әуежайына қонған Boeing 777 ұшағы радар мұнарасына соғылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті БАҚ жазғандай, ұшақ радар мұнарасына соғылғанда, ішінде 267 жолаушы болған.

Оқиға салдарынан ұшақ пен әуежай инфрақұрылымы зақымданды. Борттағы 267 жолаушы эвакуацияланып, бір адам жеңіл жарақат алған. Оқиғаға байланысты Түркия билігі тергеу бастады.