Ер адам «Куба» жағажайында демалып жүрген
Павлодар облысының құтқарушылары Ертіс өзеніне ағып кете жаздаған ер адамды аман-есен құтқарып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Павлодар қаласында Ертіс өзенінің бойындағы «Куба» жағажайы маңында рейд жүргізіп жүрген құтқарушылар өзенге ағып кете жаздаған ер адамды құтқарып қалды. Күшті ағыс оны жағалау бойымен жағаға шығу мүмкіндігі жоқ жерге қарай алып кеткен. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, оны жағаға жеткізді», - деп хабарлайды Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Ал, полиция ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғап, тыйым салынған жерде шомылғаны үшін айыппұл салды.