Рудный қаласында 1,5 ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі қамыс арасынан табылды

Автор: Бақыт Шынар

Марқұм 38 жаста еді

Фото: pixabay

Осыдан бір жарым ай бұрын, 1 мамыр күні Қостанай облысы Рудный қаласында жоғалып кеткен 38 жастағы ер адамның мәйіті Тобыл өзенінің жағасындағы қамыстан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Жақындары ер адамның жоғалғаны туралы арызды мамыр айының басында полицияға өтініш жазған.

Арыз түсе сала облыстың полициясы мен құтқарушылары оны іздеуге кіріскен. Бірақ, бір жарым ай бойы полицияның жұмысы нәтиже бермеген.

Рудный қаласының маңындағы өзен-көлдердің жағасын тексере келе, ер адамның мәйітін қамыс арасынан тапқан. Қазір өлімнің себебі анықталып жатыр.