Ақмола облысында бақшасына 75 түп қарасора өсірген ер адам ұсталды

Автор: Бақыт Шынар

Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалған

Фото: depositphotos.com

Ақмола обысы Жақсы ауданында «Қарасора-2026» операциясы кезінде ауласына 75 түп қарасора өсірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Тексеру барысында анықталғандай, 57 жастағы азамат бау-бақша өсіретін ауласына 75 түп қарасора еккен. Өсімдік есірткі тектес өсімдіктер қатарына жататындықтан, полиция оны тәркілеп, ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғаған.

Қазір өсімдік сараптамадан өтіп жатыр, соның қорытындысы негізінде істің ауырлығы не жеңілдігі анықталып, соған сай ер адамның қандай жаза алатыны белгілі болады.