Полиция алты адамның көлігін айып тұрағына алып кеткен
Жуырда, 9-11 маусым аралығында Өскемен қаласының аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп Azattyq Rýhy.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық және атқарушылық тәртібін арттыру, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектерді өндіріп алу болды.
«Үш күн ішінде полиция қызметкерлері 919 хаттама толтырды. Полиция сондай-ақ 370-тен астам әкімшілік айыппұлды өндіріп, 77 нұсқаманы орындаған. Сонымен қатар берешегін өтеу қажеттілігі туралы 361 борышкерге ресми хабарлама табысталды. Алимент төлемей жүрген алты адамның көлігін полиция айып тұрағына қойды», - деп хабарлайды полиция.