Әйелдің туыстары азаматтық некедегі бұрынғы күйеуі оны сабап өлтіріп, қылмыс ізін жасырмақ болған дейді
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Ақмола облысының Щучье қаласында жас келіншек бұрын азаматтық некеде болған ер адамның қолынан қаза тапқан. Марқұмның жақындары хабарлағандай, әйел ол ер адаммен байланысын үзсе де, ер адам оны аңдыған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«24.kz» телеарнасының мәліметінше, екеуі қарым-қатынасын тоқтатқан. Бірақ, жігіт сталкинг жасап, марқұмға маза бермеген.
«Туыстарының айтуынша, жігіт оны кездесуге шақырған. Содан, пәтер жалдап, әйелді сол жерге ертіп келген. Екеуі ұрсыса бастағанда, ер адам әйелді аяусыз ұрып, өлімші етіп сабаған. Марқұмның жағдайы нашарлай бастағанда, жедел жәрдем шақырудың орнына ізін жасырғысы келіп, әйел оқыс оқиға салдарынан қайтыс болғандай көрсеткен», - дейді әйелдің туыстарына сілтеме жасаған телеарна.
Полиция күдіктіні ұстап, қамауға алған. Тергеу жүріп жатыр.