Бұл азаматтардың бәрі теңізге барып демаламыз деп ойлап, ақшаларынан айырылған
Ақтөбе қаласының полициясы туристік агенттік басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 37 жастағы ер адам 70 адамға жалған тур сатып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әзірге осы жетпіс адамның 32 млн теңгеден айырылғаны белгілі болып отыр.
«Тергеу алданған азаматтардың нақты санын анықтау үшін осы туристік агенттіктің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Ақтөбе қаласы полиция басқармасының №1 полиция бөліміне (Ақтөбе қаласы, 11-ықшамаудан, 51 «А» мекенжайы) немесе тұрғылықты жері бойынша жақын орналасқан полиция бөлімшесіне жүгінуді өтінеді», - деп хабарлайды Ақтөбе полициясы.