Полиция дронның көмегімен Қазақстан бойынша 250 мыңға жуық заңсыз қоқыс полигонын анықтаған (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Бес айдың ішінде 248 мың үйінді табылған екен

Фото: istockphoto.com

Ішкі істер министрлігі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын орындау үшін еліміздің түпкір-түпкіріндегі ірі заңсыз қоқыс полигондарын анықтап, 177 мыңнан астам айыппұл салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның таратқан видеосына сүйенсек, қоқыс полигондарының көбі дрон арқылы анықталып жатқан көрінеді.  

«Биыл бес айда 248 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, 177 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Тиісті шаралар қабылдау үшін экология департаменттері, жергілікті атқарушы және басқа уәкілетті мемлекеттік органдарға 58 материал жолданды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 172 ұсыным енгізілді. Оларды қарау нәтижесінде 153 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды», - деп хабарлайды ІІМ.