12.06.2026, 09:32
Оқиғалар
Ереван – Алматы бағыты бойынша жаңа рейс ашылды
Рейстер саны аптасына 3 реттен 5 ретке көбейді
Фото: istockphoto.com
Бүгіннен бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Арменияның жаңа шетелдік әуе тасымалдаушысы – «FlyOne Armenia» әуе компаниясы қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Көлік министрлігінің ресми ақпаратына сілтеме жасай отырып.
Әуе компаниясы Ереван – Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рет - дүйсенбі және жұма күндері тікелей тұрақты рейс ұшырады. Соның арқасында Қазақстан мен Армения арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 3 рейстен 5 рейске дейін артады.
Қазақстан мен Армения арасындағы жаңа әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыта түседі.
Көп оқылған
10.09.2026, 14:21
«Әпкеңді ұрамын және ұра беремін»: Ақтөбеде экс-полицей жездесіне оқ атқаны үшін 10 жылға сотталды
10.09.2026, 12:57
Балқашта танысын пышақтап өлтіріп, тағы бір серігіне шабуыл жасаған ер адам 22 жылға сотталды