Алма-Арасан шатқалында болған оқыс оқиғаның себептерін құқық қорғау органдары тексеруде
Алматы қаласындағы Алма-Арасан шатқалында ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт квадроциклмен жүрген кезде апатқа ұшыраған. Ауыр жарақат салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 24 жастағы ер адам қайтыс болды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.