«Жасанды интеллект емес, өз дауысым»: ағылшынға судай қазақ баласы желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

Автор: Темірхан Айжан

Ол Монғолияда саяхаттап жүр 

Фото: скриншот

Ауылда ләңгі ойнаған балаларды желіге шығарып, ойынның мағынасын ағылшынша түсінідіріп берген қазақ жігіт қазнетте танымал болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көпшілік ағылшын тілін жетік меңгеріп, судай сөйлеген жігітке таңғалып жатыр. Кейбірі видеодағы дауыс жасанды интеллектпен жасалған деп ойлаған.

Желіде Әділет Сапарғали деп тіркелген автор, осыған байланысты өзіне көптеген хат келгенін айтты.

«Бұл жасанды интеллект емес, өз дауысым. Қазақтың баласымын. Монғолияға саяхаттап келдім. Алты жыл бұрын ағылшынша бір сөз де білмейтін едім. Мектептегі мұғалімдерім ағылшын тілі сабағын орысша оқытатын. Мен ешқандай курсқа бармадым, ойын арқылы үйрендім. Ол жерде үлкен халықаралық қауымдастық бар, ешкім қазақша не орысша сөйлемейді, сондықтан менің де ағылшынша сөйлеуіме тура келді», - дейді ол.

Желі қолданушылары оны қолдап, жылы сөздерін арнап жатыр.