Облыста 24 шілдеден бастап рейд күшейтіледі
СҚО полицейлері 24 шілдеден шектеу шараларын сақтау бойынша рейдтерді күшейтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Солтүстікқазақстандық полицейлер және тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау бөліністерінің мамандары адамдар көп шоғырланатын жерлерге профилактикалық рейдтерді күшейтті. Қоғамдық көлік, базарлар, дүкендер – рейдтік топтар барлық қоғамдық орындарға кенеттен тексерістер жүргізуде. Мамандар бағыттық автобустар және сауда орындарында жүргізушілер мен сатушылардың өздері бетперделерді дұрыс тағудың үлгісін көрсетуі тиіс екендігін еске салады», - деп жазылған ақпаратта.
Соңғы төрт күнде облыс орталығында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы саласында заңнама талаптарының 14 бұзушылығы анықталды.
Өткен демалыс күндері облыс полицейлері халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтерді бұзудың 64 фактісін анықтады. Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы 24 шілдеден бастап шектеу шараларын сақтау бойынша рейд жандандырылатынын атап кетті.