Оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстады
Оңтүстік-шығыс Азиядағы елдердің бірінен Алматыға ұшып келген шетел азаматы қолға түсті: Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның жүгінен 21 келі есірткі тапқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, шетелдік бойжеткен есірткіні багажына салып, алып өтпек болған.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция мен кеден органдары және Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының мамандары Алматы әуежайына келіп қонған шетел азаматшасын қолға түсірді. Ол Қазақстанға Азия елдерінің бірінен келген. Бойжеткеннің багажынан шамамен 21 кг өсімдік заты, яғни, «марихуана» табылды», - деп хабарлайды ҰҚК.
Құзырлы органдар 30 мамыр күні өткен операция кезінде есірткіні тәркілеп, күдіктіні қамаған.