Батыс Қазақстан облысында мектептің үш бірдей түлегі өзенге батып, мерт болды

Автор: Бақыт Шынар

Олар емтиханды сәтті тапсырғандарын атап өтіп жатқан деген дерек бар

Фото: ТЖД

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жаңақазан ауданында үш жасөспірім бала суға батып, мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кеше, 9 маусым күні Кіші Өзен суына түскен 16 жастағы екі бала мен 17 жастағы бір жасөспірім өзенге ағып кеткен. олардың денесін күәгерлер мен жергілікті халық судан алып шықты.

Дереккөзге сүйенсек, 17 жастағы Ұлдана Рафих, 16 жастағы Гүлхан Тұраш пен Нұртас Жолдығали мерт болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, 9 маусым күні кешкі сағат жеті кезінде балалар өзен жағасына келген. олар шомылуға болмайтын жағалауда суға түсіп, бірінен соң бірі өзенге аға бастаған.

Бір баланың денесін сол жердегі жастар бірден судан алып шықты. Құтқарушылар келгенше, яғни, сағат 19:25 пен 19:45-те ауыл адамдары қалған екі баланың денесін тапқан.

Бейресми дереккөз мектеп түлектері қорытынды емтиханды сәтті тапсырғанын атап өту үшін өзен жағасына келген деген ақпаратты жариялаған.