Ақтөбеде жасөспірім қызды зорлаған күдікті қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның бұрын бірнеше рет сотталғаны белгілі болды

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе қаласында жасөспірім қызды зорлаған 33 жастағы күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«22 шілде күні Ақтөбе қаласында белгісіз ер адамның жасөспірім қызды зорлағаны анықталды. Көп ұазамай бұрын бірнеше рет сотталған 33 жастағы тұрғын ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп жазылған хабарламада.

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.