Полиция Семей халқын үрейде ұстап, ақша бопсалаған алты адамды жартылай жалаңаш күйде қолға түсірді (ВИДЕО)

Қазір күдіктілер изоляторға қамалды 

Ішкі істер министрлігі Қазақстанның түпкір-түпкірінде ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтарды ұстап, оларды қамады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Ұсталғандар арасында Абай, Павлодар және Алматы облыстарының тұрғындары бар. Қылмыстық топтың мүшелері қарапайым халықты, соның ішінде, студенттер мен жастарды қорқытып, ақша бопсалаған.

«Мәселен, Абай облысында алты адам Семей халқынан ақша бопсалаған. Полиция ол топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Күдіктілердің бәрі ұсталды», - деп хабарлайды Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің ресми өкілі Қуандық Алпыс.

Дәл осындай схема арқылы, яғни, өзінен әлсіздерді бопсалап, ақша тапқан тағы екі ер адам Павлодар облысында қолға түскен. Олар студенттерді қысымға алып, ақшаларын тартып алып отырған.

Алматы облысында қолға түскен күдіктілер болса адамдарды әлеуметтік желі арқылы бопсалаған. Оларды тінту кезінде бума-бума ақша тәркіленген.