Ұлттық Ұлан өз сарбаздарын LRT бекеттеріне қарай жіберді (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Олар қоғамдық көліктегі қауіпсіздікті күзетеді

Фото: Ұлттық ұлан

Бүгін Ұлттық Ұлан қоғамдық көліктегі қауіпсіздікті күшейту үшін біраз сарбазын LRТ бекеттері мен жеңіл рельсті вагондардың ішіне жіберген, деп хабарлайды 

Дереккөзге сүйенсек, жаңа көлікке қызыққан астаналықтар мен қала қонақтары көбейгендіктен, тыныштықты сақтау үшін қосымша Ұлттық Ұланның сарбаздары тартылып отыр.

«Сарбаздар станциялардың ішінде ғана емес, оған іргелес аумақтарда да қызмет атқарады. Дәлірек айтсақ, азаматтарға көмек көрсетеді және жолаушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді», - деп хабарлайды Ұлттық Ұланның баспасөз қызметі. 

Жалпы, Ұлттық Ұланның сарбаздары 17 станцияда екі ауысымда қызмет атқармақ.