Жол-көлік оқиғасы Алматының орталық көшелерінің бірінде болған
Алматының Алмалы ауданында мопед пен жол талғамайтын көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, мопед Төле би даңғылымен батыс бағытта, ал жол талғамайтын көлік Панфилов көшесімен солтүстік бағытта қозғалған.
«Нәтижесінде көлік құралдары соқтығысты. Жол апаты салдарынан мопед жүргізушісі жарақат алды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.