Оралда жұмысшы мешіт күмбезінен бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар зардап шегушіні жедел жәрдемге тапсырды

Видеодан скриншот

Оралда құтқарушылар мешіт аумағында биіктіктен құлаған ер адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға Абай даңғылында болған.

«Абай даңғылында орналасқан Орталық мешіттің күмбезінде жұмыс жүргізу кезінде ер адам бес метр биіктіктен ғимараттың бірінші қабатының шатырына құлап кеткен», – деп мәлімдеді министрлік.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар автосатының көмегімен зардап шеккен азаматты төмен түсіріп, оны әрі қарай тексеру және қажетті медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.