Алматыда және үш облыста жер сілкінді

Автор: Алмас Ерсін

Тиісті мемлекеттік органдарға жедел түрде хабар берілген

Фото: istockphoto.com/HHakim

Алматыда және үш облыста жер сілкінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Табиғи апат Алматы қаласында, Алматы, Абай және Жетісу облыстарында сезілген. Жер асты дүмпулері ең қатты Жаркент қаласында байқалды.

ҚР ТЖМ Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 4 маусым күні Астана уақытымен сағат 21:19-да жер сілкінісін тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 316 шақырым жерде орналасқан. Ошақтың координаттары – солтүстік ендіктің 44.547º және шығыс бойлықтың 80.405º. Тереңдігі – 30 шақырым», – делінген хабарламада.

Сейсмологтардың мәліметінше, Алматы қаласында жер сілкінісінің қарқыны 2 балл болған. Ең жоғары көрсеткіш Жетісу облысы Панфилов ауданындағы Жаркент қаласында тіркеліп, 4 баллды құрады.

Абай, Жетісу және Алматы облыстарының бірқатар елді мекендерінде жер асты дүмпулері 2–3 балл деңгейінде сезілген.

MSK-64 шкаласы бойынша сезілу деңгейі:

Алматы қаласы

  • Алматы – 2 балл

Жетісу облысы

  • Жаркент (Панфилов ауданы) – 4 балл

  • Сарқан (Сарқан ауданы) – 3 балл

  • Жансүгіров (Ақсу ауданы) – 3 балл

  • Текелі – 3 балл

  • Қарабұлақ (Ескелді ауданы) – 3 балл

  • Талдықорған – 2 балл

  • Балпық би (Көксу ауданы) – 2 балл

  • Үшарал (Алакөл ауданы) – 2 балл

  • Сарыөзек (Кербұлақ ауданы) – 2 балл

  • Үштөбе (Қаратал ауданы) – 2 балл

Алматы облысы

  • Шонжы (Ұйғыр ауданы) – 3 балл

  • Қырғызсай (Ұйғыр ауданы) – 3 балл

  • Көкпек (Еңбекшіқазақ ауданы) – 2 балл

  • Кеген (Кеген ауданы) – 2 балл

  • Шелек (Еңбекшіқазақ ауданы) – 2 балл

  • Нарынқол (Райымбек ауданы) – 2 балл

  • Жалағаш (Кеген ауданы) – 2 балл

  • Саты (Кеген ауданы) – 2 балл

  • Ж. Қайыпов ауылы (Ұйғыр ауданы) – 2 балл

  • Маловодное (Еңбекшіқазақ ауданы) – 2 балл

  • Түрген (Еңбекшіқазақ ауданы) – 2 балл

  • Есік (Еңбекшіқазақ ауданы) – 2 балл

  • Қонаев – 2 балл

  • Алатау (Жетіген) – 2 балл

  • Талғар (Талғар ауданы) – 2 балл

  • Өтеген батыр (Іле ауданы) – 2 балл

  • Боралдай (Іле ауданы) – 2 балл

Абай облысы

  • Мақаншы (Мақаншы ауданы) – 2 балл

  • Үржар (Үржар ауданы) – 2 балл

Жалпы алғанда жер асты дүмпулері 30 елді мекенде тіркелген. Оның ішінде:

  • 1 елді мекенде – 4 балл;

  • 6 елді мекенде – 3 балл;

  • 23 елді мекенде – 2 балл.

ТЖМ мәліметінше, қолданыстағы өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға жедел түрде хабар берілген.