«Қалаған түсім бұл емес еді»: Алматы облысында шашын боятқан әйел сұлулық салонынан 40 мың теңге өндіріп алды

Автор: Бақыт Шынар

Оның айтуынша, шашына зақым да келген

Фото: ИИ: © freepik.com / evgeniysirkach

Алматы облысында шашын боятқан әйел адам сұлулық салонымен дауласып, ақшасын қайтарып алды: шаштараздың жұмысынан кейін әйелдің шашы бүлініп, түсі де қалағанындай болмай қалған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Салонға келіп, шашын боятқаннан кейін көңілі қалған әйел Алматы облысындағы Тұтынушылардың құқығын қорғайтын департаментке жүгінген екен.

«Салонның шаштаразшылары әйелдің шашын өзі қалағандай түске бояу үшін бір емес, екі рет әрекеттенген. Бірақ, әйелдің жұмыс сапасына көңілі толмай, департаментке жүгінген. Департамент салонның әкімшілігімен сөйлесе келе, мәселені сотсыз шешіп, әйелдің 40 000 теңгесін қайтартып берген», - деп хабарлайды Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті.