Көкшетауда алаяққа алданған жас жігіт анасының 18 алтынын ұрлап, қаскүнемдер айтқан жерге көміп кеткен
Анасы үйге ұры түсті деп ойлап, полиция шақырған
Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында 21 жастағы жігіт туған анасының алтындарын ұрлап, алаяқтарға берген. әйелдің 18 түрлі алтыны 6 миллион теңгеге бағаланған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ақмола облысының полиция департаменті хабарлағандай, 29 мамыр күні алаяқтар осы жігітке телефон соғып, шырмауға түсірген.
«Бірінші жігітке ұялы байланыс операторы ретінде телефон соққан алаяқ SIM-картаның уақыты өтіп кетті деп, код айтуын сұраған. жігіт кодты айтқан соң оған алдымен «eGov қызметкері», кейін «Ұлттық қауіпсіздік қызметкері» телефон шалған. Бұл адамдардың бәрі – әрине алаяқ еді. олар жігітке «сенің және отбасыңның есепшоттары арқылы террористік ұйымдардың шотына ақша аударылып жатыр, егер оны тоқтатпаса, лаңкестерге қаржы бергендерің үшін 15 жылға сотталасыңдар» деп қысым көрсете бастаған. Сондықтан, мүлкінің бәрін тезірек декларациялау үшін үйдегі алтындарды суретке түсіріп, біз айтқан жерге тығып қой» леген. Жігіт қысымнан қорқып, олардың айтқандарын істеген», - деп хабарлайды Ақмола полициясы.
«Отбасым түгел сотталып кетеді» деп қорыққан ол анасының 18 түрлі алтынын алып, алаяқтар айтқан жерге апарып, көмік кеткен. алаяқтар құны 6,1 млн теңгеден асатын алдындарды алып кетіпті. Ал, екі күннен кейін үйіндегі алтындарының жоқ екенін байқаған анасы «ұры түсті» деп ойлап, үйге полиция шақырған. Полиция келгенде әйелдің баласы алаяқтар алдағанын айтып, мән-жайды айтқан.
Қазір полиция қылмыстық іс қозғап, алаяқтарды іздеуге кіріскен.