Бұл оқиға 2025 жылы желтоқсанда болған еді
Бангкоктан Алматыға ұшқан рейс арқылы 9 келіге жуық есірткі тасыған бойжеткен 16 жылға сотталды. Ол – Жамбыл облысында тұратын 23 жастағы қыз еді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, бұл оқиға 2025 жылы желтоқсанда тіркелген. көліктегі полиция департаменті тергеу жүргізе келе, оның кінәсін дәлелдеген.
23 жастағы қыздың жүк сөмкесінен 8 кг 879 грамм есірткі табылған.
«Ол Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы аса ірі көлемде есірткі тасып, оны сату мақсатында сақтағаны үшін 16 жылға сотталды», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.