Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда қашан заңды жұмыс істей алады: министр жауап берді

Автор: Темірхан Айжан

Қазіргі уақытта келісім жүріп жатыр 

Фото: depositphotos.com

Оңтүстік Кореямен еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастық жалғасып жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, жоба екінші және үшінші кезеңдерді келісу сатысында тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Екінші кезең жаздың аяғына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр

«Қазіргі уақытта мәселе Оңтүстік Кореяның тиісті министрлігінде қаралып жатыр. Екінші кезең бойынша олардың негізгі талабы Алматы қаласында орталық ашу болып отыр. Сол үшін біз тиісті ғимарат таңдап, оларға ұсындық. Енді олар соны қарастырып жатыр. Егер ол ғимаратқа келісім берілсе, келесі кезеңге өтеміз. Ол Оңтүстік Кореяның премьер-министрі деңгейінде қаралып, бекітілуі керек. Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», - деді ол.

Асқарбек Ертаев келісімнің нақты мерзімін айту қиын екенін де атап өтті.

«Бұл тек біздің тарапқа байланысты емес. Біз тиісті құжаттарды уақытылы жібердік, қазір олар қаралу сатысында. Нақты шешім қашан қабылданатынын айту мүмкін емес. Біз меморандумға қол қоюға дайынбыз», - деді ол.