ТЖМ жер сілкінісі жасанды болмаған дейді
Жуырда қазақстандықтар Павлодар облысындағы жер сілкінісіне алаңдап, мәселені талқылаған еді. бүгін үкімет отырысында ТЖМ вице-министрі Ерболат Садырбаев жер дүмпуіне қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Биыл 26 мамыр күні Баянауыл ауданында қуаты 2,6 баллға жеткен жер сілкінісі тіркелді. Біздің қол астымыздағы ведомство, яғни, Сейсмология институты жер дүмпуінің эпиорталығы Баянауылдан 850 шақырым жерде болған. Бұл жер дүмпулері табиғи жер сілкінісі. Қазір министрлік Павлодар облысында жер сілкінісін автоматты хабарлайтын жүйе орнату үшін жұмыс істеп жатыр», - деді бүгін үкіметте ТЖМ вице-министрі Садырбаев.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда Павлодар облысында жер сілкінген еді.