«Әдемі» баяндама жасаған Жанат Жанботин басқаратын зауытта ірі жарылыс болып еді
Бүгін үкіметте баяндама жасаған «Қазмырыш» компаниясының бас директоры Жанат Жанботин «әдемі» баяндама жасағанымен, премьер-министр Олжас Бектеновтен сөз естіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жанат Жанботин «Қазмырыштың» кәсіпорындары барынша қауіпсіздікті сақтайтынын, өндірістегі апаттардың азайғанын айтты. Баяндамасын тыңдап біткеннен кейін премьер-министр Олжас Бектенов оған сын айтты.
«Жақсы баяндап тұрсыз, бірақ мамыр айында болған оқиға сөзіңізді жоққа шығарып отыр. Қосымша белсенді шаралар қабылдаңыздар», - деді Бектенов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, 5 мамыр күні «Қазмырыш» зауытында алапат жарылыс орын алған еді. Үш жұмысшы мерт болған.