Шыңғыс Әрінов «Қазмырыш» зауытындағы алапат жарылыстың себебін болжады

Оның мәліметінше, технологиялық процесс бұзылған

Шыңғыс Әрінов «Қазмырыш» зауытындағы алапат жарылыстың себебін болжады
Фото: ТЖМ

Бүгін үкімет отырысында өндірістегі қауіпсіздік мәселесіне қатысты есеп берген Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Өскеменедегі «Қазмырыщ» зауытындағы жарылыстың себебін болжады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, зауытта технологиялық процесс бұзылған деген болжам бар. Ол сондай-ақ 30 мамыр күні «Востокцветмет» шахтасындағы бір адамның қазасына қатысты да пікір айтты.

«Жұмысшылар қаза болған «Востокцветмет» шахтасында және «Қазцинк» зауытында орын алған екі ірі авария бойынша тергеу жалғасып жатыр. Бейінді сарапшылардың қатысуымен тиісті сараптамалар мен зерттеулер тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша «Востокцветмет» шахтасында орын алған аварияға тау-кен қазбасындағы талаптың бұзылып, жұмыс өндірісінің тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы себеп болған. Ал, «Қазмырыш» зауытындағы жарылыс технологиялық процестің бұзылуы салдарынан орын алды деген болжам бар», - деді Әрінов.

Естеріңізге сала кетейік, 5 мамыр күні таңертең Өскемен қаласындағы «Қазцинк» зауытында ірі жарылыс болған. Оқиға орнында екі адам, ауруханада бір адам мерт болған.