Жамбыл облысындағы үш күнгі өрттен сексеуіл орманы жанып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт сөндіруге алты ауданнан 250 адам жұмылдырылды

Фото: ашық дерек көздерінен

Жамбыл облысында қатты желден дала өрті ұлғайды. Бүгінде 40 мың гектар сексеуіл орманы жанып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бес күннен бері өрт сөндірушілер тілсіз жауды жерден де, көктен де сөндіріп әлекке түскен. Өйткені,  оттың ірі төрт ошағы тіркелген. Өрт сөндіруге алты ауданнан 250 адам жұмылдырылды. Оларға жақын ауылдық округтердің тұрғындары да көмекке келген. Қазір қағаздай жанған қураған шөп пен сексеуіл сөндірілді. Дегенмен, мамандар әлі қадағалап отыр.   

«Күннің 40 градус ыстығы мен 18-20 метр жылдамдықта жел тұрып, орман өрті кең алқапқа тарап, өртті бірден сөндіру мүмкін болмады. Үш күн өшпеген өрт кеше кешке жақын тоқтады. Бүгін өрттен қалған  шоқтарды қарап, жұмысты жалғастырып жатырмыз»,-  деді Жамбыл облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбеков.