«ҚазАвтоЖол» қазір бүлінген жерді жөндеп жатыр
Павлодардан Астанаға қарай жүретін автомагистральдің 1356-шақырымында жолдың бетін қабаты ойылып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, +35…+37С градустық аптап ыстық асфальтті ерітіп жіберген, деп жазады Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖолдың» жазуынша, жолдағы ақау бүгін, 1 маусым күні түсте байқалған.
«2026 жылдың 1 маусымда сағат 13:30 шамасында кезекті патрульдеу кезінде KAZ04 «Астана – Павлодар» автомобиль жолының Павлодар – Астана бағыты бойынша 1356 шақырымында цементбетонның қабаты бүлініп кеткені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, күн +35…+37С-қа дейін ысып, бетон қабатты еріткен», - деп жазады компания.
Қазір компания мен мердігер ұйымдар бүлінген жерді жөндеп жатыр.