Бұл көлік иелеріне енді жазаны сот тағайындайды
2026 жылдың басынан бері республикалық маңызы бар автожолдардың ақылы учаскелерінде 1942 көлік мемлекеттік тіркеу нөмірін жасырып, жалған нөмір таққан, деп хабарлайды
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы енді бұндай көліктерге бақылау күшейетінін айтып, заң бұзған азаматтардың фото және видеоларын ұсынған.
Жалпы, дереккөзге сүйенсек, бұл заң бұзуға көбіне ақылы жолдың ақшасын төлегісі келмей, бақылау жүйелеріне ілінгісі келмейтін азаматтар барады екен.
«2026 жылдың басынан бері республикалық маңызы бар автожолдардың ақылы учаскелерінде 1942 көлік мемлекеттік тіркеу нөмірін жасырып, өзгертіп немесе жалған нөмір таққаны анықталды», - деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».
Ал жалған немесе қолдан жасалған нөмірлерді пайдалану, сондай-ақ оларды жасыруға арналған құрылғыларды қолдану заңнамаға сәйкес анағұрлым қатаң жазалатынын, тіпті кейде сот көлік құралын басқару құқығынан айыруы мүмкін екенін ескретеді.