Алматыда «Клексан», «Фраксипарин», «Зитмак-500» дәрілерін қымбатқа сатқан әйел ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол дәрі-дәрмекті көтеріңкі бағамен сатқаны үшін әкімшілік жауакершілікке тартылады

Фото: ашық дерек көздерінен

Күшейтілген карантин жағдайында Алматы облысы аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп, 2000 жылы туған әйел азаматтың дәрілік заттарды жоғары бағамен сату фактісін анықтады.

«Ол респираторлық вирустық аурулармен ауыратын науқастарды емдеуге арналған дәрілік заттарды рұқсаттық құжаттарсыз және лицензиясыз, сондай-ақ көтеріңкі бағамен сатқан.  Тінту барысында 200 000 теңгеден астам сомаға «Клексан», «Фраксипарин», «Зитмак-500» және басқа да дәрі-дәрмек тәркіленіп алынды.

Аталған фактінің материалдары Алматы облысы бойынша ТҚСҚБД-не айыпты тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды»,- делінген хабарламада.

Қаржы мониторингі комитеті және аумақтық ЭТД дәрі-дәрмекті заңсыз сату, сондай-ақ шекті бағаларды бұзу үшін қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы шаралар қарастырылғанын ескертеді.