Ақмола облысында кене шағып алған 17 жастағы бозбала реанимацияда жатыр

Автор: Бақыт Шынар

Ол дер кезінде дәрігерге қаралмай, кенеден жұққан инфекцияны асқындырып алған

Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында кене шаққан 17 жастағы жігіт ауруханаға түскен. Дәрігерлердің айтуынща, бозбалаға кенеден энцефалит жұққан, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

«Жетінші арнаның» мәліметіне сүйенсек, бала 16 мамыр күні орманға барған. Кене шаққаннан кейін оған мән бермеген болуы керпек, дәрігерге қаралмаған. Алайда, кенеден инфекция жұғып, бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан.

«Кене энцефалитінің вирусы жүйке-жүйені зағымдайды. Тіпті, адамның миы мен жұлынына зақым келтіреді. Әдетте, кене шаққаннан кейін 7 немесе 14 күннен кейін алғашқы белгілері пайда болатын бұл инфекция асқынса, адамның денсаулығын бұрынғы қалпына келтіру мүмкін болмайды», - дейді дәрігер.

Оның айтуынша, инфекция жұққаннан кейін адамға температура шығып, басы ауырады, денесі тырысып, иіс сезбейді.