Оның мініп жүрген көлігі Ресейде тіркелген болып шықты
Қостанай облысы Лисаков қаласында көлігіне жалған мемлекеттік нөмір тағып, қалада еркін қозғалған ер адам полицияның қолына түсті. Оның ісін қараған сот ер адамды екі тәулікке қамап, бір жыл бойы көлік жүргізу куәлігінен айырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Лисаков қалалық сотының мәліметіне сүйенсек, ер адамның үстінен «көлік құралын көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен басқару» бабы бойынша іс қозғалған.
«Сотта анықталғандай, 2026 жылдың 15 мамыры күні бұл азамат Лисаковск қаласында «Nissan Primera» маркалы көлік құралын көрінеу жалған нөмірмен басқарған. Сотта кінәсін мойындаған ол көлігінің Ресейде тіркелгенін айтқан. Жуырда танысының үйіне қонаққа барғанда, оның қолында жалған нөмірді көріп, көлігіне тағып алған», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Сот ер адамның бірінші рет заң бұзып отырғанын, кінәсін ішінара мойындап, шындықты айтқанан ескерген.
«Істің мән-жайын, жасалған әкімшілік заңсыздықтың сипатын және жеңілдететін мән-жайларды ескерген сот оны 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды», - деп хабарлайды Қостанай соттары.
Сот әлі заңды күшіне енген жоқ.