Жүргізуші қамауға алынды
Петропавлда 12 жастағы қызды көлік қағып, оқушы жолда мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция мәлім еткендей, қайғылы оқиға 25 мамыр күні шамамен сағат 20:16-да Потанин көшесінде болған.
«24 жастағы Porsche Cayenne автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған ауыр жарақаттар салдарынан 12 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген ПД жауабында.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүріп жатыр. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.