Бала бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен еді
Талдықорғанда ерекше күтімді қажет ететін 7 жастағы баланың денесі табылды. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, құтқарушылар баланың денесін бүгін, 26 мамыр күні, таңғы сағат 05:00 шамасында Қаратал өзенінен тапқан.
«Алдын ала мәлімет бойынша, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүріп жатыр», – деп хабарлады полиция.
Баланы полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, кинологтар мен еріктілер іздеген еді. Осы ретте, құқық қорғау органдары ата-аналарды баланың қауіпсіздігіне аса жауапкершілікпен қарауға шақырады.