Еден опырылып кеткен: Маңғыстау облысында 10 адам қораның жертөлесіне құлап түсті

Автор: Алмас Ерсін

Оқиға кезінде қора ішінде он адам болған, екеуі ауруханаға жеткізілді

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Маңғыстау облысындағы Саина Шапағатов ауылында төтенше жағдай болды – шаруашылық құрылыстарының бірінде еден опырылып, адамдар жертөлеге құлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 15 мамыр күні кешкі уақытта жеке тұрғын үйдің ауласында болған. Аудан әкімдігінің мәліметінше, оқиға кезінде қора ішінде 10 адам болған.

Еденнің опырылуы салдарынан екі адам зардап шегіп, түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қалған сегіз адам дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілген. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Оқиғаға байланысты уәкілетті органдар тексеру жұмыстарын бастап, қажетті процессуалдық шараларды жүргізіп жатыр.

«Аталған дерек бойынша уәкілетті органдар тексеру және тиісті жұмыстар жүргізуде», – деп мәлімдеді әкімдіктен.