Абырой болғанда, құтқарушылар оны дер кезінде судан алып шыққан
Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасының жағалауын патрульдеп жүрген құтқарушылар суға құлап кеткен ер адамды судан алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Белгілі болғандай, 1952 жылы туған ер адам мас күйде болған, соның салдарынан суға құлап, өздігінен шыға алмаған», - деп хабарлайды ТЖМ.
Құтқарушылар зейнеткерді жедел эвакуациялап, жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Қазір ол ауруханада жатыр.