Бұл туралы адвокат мәлім етті
Биыл 21 наурыз күні түнде Алматыда сағатына 288 шақырым жылдамдықпен келіп, үш адамды мерт қылған кәсіпкердің ісі сотқа кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұл туралы адвокат болған Олег Чернов жазған.
«Ертең әл-Фараби даңғылындағы жол апатының тергеуін зерттеуге кірісеміз. Іс аяқталды», - деп жазған ол.
Айта кетейік, биыл 21 наурыз күні қаланың қақ ортасындағы жантүршігерлік жол апаты салдарынан 3 адам қаза тапқан. Осы жағдайдан кейін полицияның бірқатар басшысы жұмысынан қуылған.