Оның суреті желіде желдей ескен
Астананың бас символы – «Бәйтерек» монументінің жанына барып, бейәдеп суреттерін жариялаған 19 жастағы бозбаланы полиция қолға түсіріп, изоляторға қамады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның суретін полиция мониторинг арқылы тапқан көрінеді.
«Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 19 жастағы елорда тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Полиция оның материалын жинап, тиісті шешім шығару үшін сотқа жіберген. Іс «Ұзақ бұзақылық» бабы бойынша тергелген», - деп хабарлайды Астана қаласының полиция департаменті.
Елорда полициясы мұндай әрекеттер қоғамдық нормаларды қорлайтынын және қаланың мәдени әрі маңызды нысандарына ашық түрде құрметсіздік таныту деп бағалады.