Браконьер жануарды бірнеше бөлікке бөліп үлгерген
Алматы облысының қорығында елікке оқ атқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Талғар ауданының мемлекеттік қорығының аумағында кезекті рейд барысында Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Браконьер жануарды бірнеше бөлікке бөліп үлгерген. Одан бөлінген малдың еті мен мылтық тәркіленді. Полиция қызметкерлері күдіктіде атыс қаруын алып жүруге, сақтауға және пайдалануға ешқандай құжаттардың жоқтығын анықтады», - деп жазылған ақпаратта.
Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.