Ол өз үйінен заңсыз ем қабылдау орнын ашып алған
Түркістан облысының полицейлері өз үйінен заңсыз ем қабылдау орнын ашып, дәрі-дәрмек сатқан тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Ынтымақ ауылының тұрғыны үйінен стандартқа сай емес, лицензиясы жоқ ем қабылдау бөлмесін ашып алып, келген науқастарға жоғары бағада дәрі-дәрмек препараттарын сатқан. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде анықталған ем қабылдау орнынан айғақ ретінде 28 түрлі дәрі-дәрмектердің 311 қорабын, 50 система, 100 шприц, 36 маска, 10 мақта тәркілеп алды», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, бүгінгі күнге дейін облыс полицейлері үстеме бағамен дәрі сатудың 25 жағдайын анықтап, 2 мыңға жуық дәрі-дәрмекті тәркілеп алған.