Ата-анасы қызымен байланысқа шыға алмаған соң, арыз жазуға мәжбүр болған
Астана қаласының полициясы жоғалып кеткен 16 жасар қызды бір күннің ішінде тауып, ата-анасына тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, жалпы, полиция кәмелетке толмағандар арасында өз бетінше үйден кету мен хабар-ошарсыз жоғалу деректерінің алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактика жүргізіп тұрады. Жыл басынан бері кәмелетке толмаған баласының жоғалғаны туралы 700 хабарлдама түскен көрінеді. Полиция олардың көбі тез табылатынын және кейде өз еркімен үйге оралатынын айтады.
«Осындай жағдайлардың бірі Астанада тіркелді. Қала тұрғыны 16 жастағы қызының жоғалып кеткенін хабарлаған. Алдын ала мәлімет бойынша жасөспірім күндіз үйден телефонымен шығып, қайта оралмаған. Іздестіру нәтижесінде қыз келесі күні қаладағы пәтерлердің бірінен табылып, полиция оны ата-анасына тапсырды», - деп хабарлайды полиция.