«Массаж салоныма тиіспе»: Қазақстанның полициясына пара берген экс-кәсіпкер Грузияда қолға түсті (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Оны Қазақстан полициясы елге экстрадициялады

Фото: скриншот

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық Орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан азаматын еліне экстрадициялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, ол адам елде жүріп полиция қызметкерлеріне пара берген.

«Бұл адам жеке кәсіпкер бола тұра, массаж салоны ары қарай жұмыс істей беру үшін полиция қызметкеріне пара берген. Пара арқылы ол сондай-ақ қылмыстан жалтармақ болған. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған», - деп хабарлайды Бас прокуратура.

Грузия полициясы оны 2026 жылдың наурызында Рустави қаласында ұстап, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен Қазақстанға экстрадициялады. Күдікті қазір изоляторда.