Анықталғандай, жол полициясы күші жойылған бапты алға тартып, айыппұл салған
Атыраудың әкімшілік полициясы қағаз түріндегі құжаттарын көрсетпеген 100-ден астам жүргізушіге айыппұл салып жіберген. Бірақ, іске прокуратура араласып, бұл бап қазір міндетті емес болғандықтан, айыппұлдардың күшін жойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қолданыстағы заңнамада жүргізушілер қағаз түріндегі құжаттарын (жеке куәлік пен жүргізуші куәлігі) көрсетуге міндетті емес. Олар электронды форматта көрсетсе, жетеді. Яғни, электронды құжаттардың заңды күші қағаз құжаттармен бірдей. Соған қарамастан, полиция оларға айыппұл салған», - деп хабарлайды Атырау прокуратурасы.
Осылайша, 100 адам прокуратураның арқасында айыппұл төлемейтін болды.