Аумақта кинологтар жұмыс істеп жатыр
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өскемендегі «Казцинк» зауытының бір цехында алапат жарылыс болған. Өрт сөндірушілер жалынды тоқтатып, констурцияларды бұзған. Әзірге төрт адамның жараланғаны белгілі, деп жазады Azattyq Rýhy.
Дәл қазір Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен кинологтары арнайы иттерді ертіп алып, қирандының астынан жараланғандарды іздеп жатыр.
ТЖМ таратқан фото және видеоматериалдарда көрініп тұрғандай, цехтың көп бөлігі опырылып түскен. Аумаққа кірген әрбір құтқарушы маска таққан.